14 жастағы қызды қағып, қашып кеткен жүргізуші ұсталды

Қашып құтылмады. Ақмола облысының Ақкөл кентінде «Mitsubishi ASX» маркалы автокөлігімен 14 жастағы қызды соғып, қашып кеткен жүргізуші ұсталды. Оқиға осыдан екі күн бұрын кешқұрым «Солнечный» дүкені маңында болған. Жаттығудан шығып жол жиегімен келе жатқан 2010 жылы туған қызды автокөлік қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кеткен. Соққыдан ұшып кеткен қызға сол жердегі адамдар көмекке келген. Қазір оқушы қыз ауруханада. Оған жабық ми шайқалуы деген диагноз қойылған. Маңдайы мен аяқ жарақаттары да бар. Жүргізушіні полиция кешікпей Астанадан ұстады.
АЛМАГҮЛ ТҰРСЫМБАЕВА, АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ПД АҒА ИНСПЕКТОРЫ:
— Кәмелетке толмағанды қағып кету бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 345 бабы бойынша Қылмыстық іс қозғалды. Жүргізуші анықталып, Ақкөл аудандық полиция бөлімшесіне жеткізілді. Қажетті тергеу шаралары жүргізілуде.
———————————————