Алматы шатқалында қыз баланың денесі табылды

Алматыда тас басып қалған қыздың мәйіті табылды. Қайғылы оқиға 4 мамырда танымал туристік бағыттардың бірі – «Горельник» маңында болған.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқиға орнында ұялы байланыс болмаған. Марқұмның таныстары таудан төмен түскеннен кейін ғана көмек сұрап, хабар берген. Олар қызды өз бетінше тастың астынан шығара алмаған. Кей деректер бойынша, қайтыс болған қыз Алматыдағы жоғары оқу орындарының бірінде оқыған, жасы 20-да. Оқиға орнына құтқарушылар, кинологтар мен медицина қызметкерлері барды. Қыздың мәйітін гидравликалық құралдардың көмегімен шығарып, полицияға тапсырды. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Екі күн бұрын Алматыдағы Алма-Арасан шатқалында тас түсу дерегі тіркелген. Ол кезде термалды демалыс аймағындағы бір күрке зақымданған, адамдар дін аман.
———————————————