Бюджеттен тағы да бір жарым миллиардтан астам теңге бөлінді. Бұл қаражат Риддер қаласының жылу электр станциясын жаңартуға бағытталады. Соңғы үш жылда стратегиялық нысанды қайта құрылымдауға 15,5 миллиард теңге инвестиция тартылды. Соның нәтижесінде кәсіпорындағы қондырғы жаңартылып, жұмысы ширай түсті. Бұған дейін қауіпті деп есептелген нысан қызыл аймақтан шығарылды.
НҰРЛАН РАМАЗАНОВ, ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТҮКШ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
— Биыл біз станцияны қазірден бастап дайындап жатырмыз. Қаулы шықты. Қазіргі уақытта мердігер ұйымдармен келісімшарт жасасу сатысында тұрмыз. 12 мамырда техника мен адамдарды нысанға жұмылдыруды жоспарлап отырмыз. Жөндеу мерзімі 15 қыркүйекке дейін деп белгіленді.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.