Президент Мәңгілік алауға гүл шоғын қойды | 08.05.2025

Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv

БАТЫР РУХЫНА ТАҒЗЫМ
Бір минут үнсіздік. Құрмет қарауылы сапқа тұрды. Президент Отан үшін от кешкен боздақтардың рухына тағзым етіп, Мәңгілік алауға гүл шоғын қойды.

ҚАРТ МАЙДАНГЕР
Биыл Шымкентте Ұлы Жеңістің 80 жылдығына небәрі екі ардагер куә болмақ. Солардың бірі – жауға қарсы жанын шүберекке түйіп шайқасқан Мұраталы Төлепбергенұлы. Жүз жасқа келсе де, қария тың, санасы сергек.

БАЗАР ӨРТЕНДІ
Астанада «Шапағат» базары өртенді. Оқиға орнына құтқарушылар аттанып, шұғыл эвакуация жасады. Бұл – сауда орталығында болған үшінші жағдай.

ТАУДАҒЫ ОҚИҒА
Горельник ауданындағы Алматы шатқалында қыз баланың денесі табылды. Өлімге не себеп болғаны туралы ресми ақпарат әлі жоқ. Куәгерлердің айтуынша, марқұмның үстіне тас құлаған.

ҚАУІП АЙМАҒЫ
Риддердегі жылу электр орталығы қауіпті аймақтан шықты. Соңғы үш жылда стратегиялық нысанды жөндеуге 15 млрд теңге инвестиция тартылған. Енді кәсіпорын жұмысы жаңғырады.
———————————————