Петропавлда үш адамды өлтіріп, үйінде өртеген ер адамға үкім кесілді

Петропавлда үш адамды өлтіріп, үйінде өртеп жіберді деген айып тағылған азаматқа сот үкім кесті. Қайғылы оқиға 2023 жылы болған, содан бері процесс әлі жалғасып келе жатыр. Сезіктіге қандай жаза тағайындалды? Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысындағы меншікті тілшіміз Самат Қайырденұлы баяндап беруге дайын.
САМАТ ҚАЙЫРДЕНҰЛЫ, ТІЛШІ:
— Қазір мен сот ғимаратының алдында тұрмын. Басынан баяндап берсем. Қайғылы оқиға 2023 жылдың қыркүйек айында болды. «Жұмысшы кенті» ауданында жеке секторда үй өртеніп, ол үш адамның өмірін жалмады. Яғни 21 жастағы келіншек, бес және бір жасар сәби мерт болды. Алғашында сезікті отбасын оттан алып шығуға үлгермегенін мәлімдеген еді. Алайда бір айдан кейін оған «кісі өлтірді» деген айып тағылды. Былтыр іс алқабилердің қатысуымен қаралып, оның кінәсі дәлелденбеді. Дегенмен прокурорлар облыстық сотқа аппеляциялық арыз түсірген. Мемлекеттік айыпталушылардың сөзінше, сезікті бірге тұратын әйелімен жанжалдасып қалған. Салдарынан ашуға берілген азамат нәрестені лақтырып жіберген. Ауыр жарақат алған сәби сол жерде көз жұмады. Артынша, күдікті әйелді тұншықтырып өлтірген. Туған інісі болған жайды біреуге айтып беруі мүмкін деген оймен оны да тұншықтырған. Үшеуін верандаға шығарып, үйге от қойған. Сараптама қорытындысы бойынша, тек 21 жастағы әйелдің өрт кезінде уланып көз жұмғаны белгілі болды. Қалған екі баланың оған дейін қайтыс болғаны анықталып, дәлелденді. Сонымен қоғамды дүр сілкіндірген оқиғаға нүкте қойылды.
———————————————