Ақтөбеде әйелді кепілге алып, екі адамды өлтірген күдіктіні тергеу аяқталды

Ақтөбеде екі адамды аса қатыгездікпен өлтіру және адамды бостандығынан заңсыз айыру дерегі бойынша тергеу аяқталды. Қылмыстық іс облыстың мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды. Тергеу барысында күдікті өз танысымен жанжалдасып, кейін үйіне заңсыз кіргені анықталды. Бұдан бөлек, әлгі танысының анасы мен өгей әкесін өлтіргені, жәбірленушіні бостандығынан заңсыз айырып ұстағаны белгілі болды. «Арлан» арнайы бөлімшесінің жедел әрекеттерінің нәтижесінде жәбірленуші босатылып, күдікті ұсталды.
ӘСЕЛ МӘЛІКОВА, АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ ӨКІЛІ:
— Күдіктіге ҚК-тің 99-бабының 2-бөлігі, 126-бабының 2-бөлігі және 107-бабының 1-бөлігі, яғни екі немесе одан көп адамды аса қатыгездікпен өлтіру, сондай-ақ күш қолдану арқылы бостандығынан заңсыз айыру баптары бойынша айып тағылды.
———————————————