Алматыда 7 жасар баланы көлік қақты. Оқиға Шұғыла шағынауданындағы тұрғын үй кешенінің ауласында болған. Бейнебақылау камерасынан балалардың аулаға жүгіріп шыққан сәтте бірінің жолға шығып кеткенін көруге болады. Жүргізуші тоқтап үлгермеген. Бұл жағдай күндіз, тұрғындардың көз алдында болған. Жарақат алған бала ауруханаға жеткізілді. Полиция жол-көлік оқиғасына байланысты тергеу басталғанын хабарлады. Тұрғындар мұндай оқиғалар жиі болатынын айтып, қайта-қайта жылдамдықты бәсеңдететін жол бөгеттерін орнатуды сұраған.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.