Жетісуда Көксу өзеніне ағып кеткен ер адам табылмай жатыр. Ол ағысы қатты судан арқан арқылы өтпек болған. Алайда жол ортада трост үзіліп, ағын су алып кеткен. Іздестіру жұмыстарына құтқарушылар, әскерилер мен еріктілер барлығы жүз шақты адам жұмылдырылды. Оқиға Кербұлақ ауданына қарасты Көксу ауылының маңында болған. 36 жастағы азаматтың өзеннен арқан арқылы өтпек болған әрекеті бейнетаспаға түсіп қалған. Құтқарушылар маңайды дронмен де бақылап жатыр. Әзірге нәтиже жоқ.
ҚАЛДЫБЕК ТӨЛЕУҰЛЫ, ТЖД БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:
— Су ағынының қатты болуы және бедерінің қиын болуы іздестіру-құтқару жұмыстарына кедергі келтіруде. Бүгінгі таңда іздестіру жұмыстары нәтиже бермеді. Жалпы жұмыстар жалғасуда.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.