Шымкентте 148 сот орындаушысы заңды бұзған

Шымкентте 148 сот орындаушысы заңды бұзған. Оларға қатысты 160-тан астам тәртіптік іс қозғалған. Яғни сот орындаушылардың шамамен 90% жұмысында бұзушылық анықталған. Бұзушылық жасаған 5 жеке сот орындаушысы лицензиядан айырылды.
Өткен жылы кәсіпкерлер жеке сот орындаушыларға қарсы 74 әкімшілік талап арыз берген. Бизнес өкілдері көбіне өкілеттіктерін асыра пайдалану, қарыз сомасынан асатын қаржыны өндіріп алу, шетелге шығуға тыйым салу бойынша шағымданған. Жалпы өткен жылы жеке сот орындаушыларға қатысты Әділет департаментіне 5 мыңнан астам арыз-шағым келіп түсті. Көрсеткіш алдыңғы жылдармен салыстырғандар әлдеқайда өскен.
АЙНҰР ИСАБЕКОВА, ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:
— 5 мыңнан астам арызды қарап жатқан кезде 163 факт бойынша 148 сот орындаушының қызметіне қатысты заңбұзушылықтар анықталды. Бұл заңбұзушылықтардың көбі – сот орындаушылар өз тарапынан қабылдау керек шаралардың толықтығын қамтамасыз етпегені.
———————————————