Қазақстанға Абу-Дабидың Тақ мұрагері келді

Қазақстанға ресми сапармен Абу-Дабидың Тақ мұрагері шейх Халед Мұхаммед бен Заид Әл-Нахаян келді. Мәртебелі мейманға ілтипат білдірген Қасым-Жомарт Тоқаев оның бұл сапары Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы ынтымақтастыққа тың серпін беретініне назар аударды. Мемлекет басшысы Абу Дабидің Тақ мұрагері Халед бен Мұхаммед Әл Нахаянмен келіссөз жүргізді. Қазақстан мен Біріккен Араб әмірлігі арасында 5 млрд доллардың келісіміне қол қойылды. Президенттің айтуынша, Әмірліктер – еліміздің ең басты серіктестерінің бірі. Қос мемлекеттің мақсат-мүдделері бір-бірімен сәйкес келеді.
———————————————