Жамбыл облысында егінге су тапшы. Айталық, осыдан бір ай бұрын мал азығын еккен Байзақ ауданының шаруалары әлі күнге дейін алқапты берде-бір рет суармаған. Енді қыста малға азық таппай қалуымыз мүмкін деп күдіктенеді. «Қазсушар» мамандары суармалы алқапқа судың жетпеуін қыс және көктемде жауын-шашынның аз болуымен байланыстырады. Салдарынан су қоймалары толмаған. Қырғыз тарапынан келетін су мөлшері де аз көрінеді. Дегенмен мәселе алдағы үш-төрт күн аясында шешілетінін айтады. Сондықтан сабырлық сақтап, су деңгейінің көтерілгенін күтуге кеңес береді.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.