Биыл мамыр айынан мамыражай ауа райын күтуге болмайтын сияқты. Синоптиктердің айтуынша, найзағай ойнап, қатты жаңбыр болуы мүмкін. Кей өңірде тіпті бұршақ жауады деп болжап отыр. Сондай-ақ алдағы күндері аңқа кептірер аптап ыстық болатынын айтады. Бұған Иран аумағынан жылы ауа массаларының жылжуы себеп болады екен. Қазақстанның оңтүстік және орталық облыстарында жауын-шашынсыз ыстық ауа райының орнауына себеп болады. Ауа температурасы біртіндеп жоғарылап, 15 мамырда күндіз оңтүстік өңірлерде +35…+44°С, орталықта +35…+38°С, ал Ақмола облысында да +30…+35°С дейін аптап ыстық болады.
АРУЖАН МҰРАТОВА, «ҚАЗГИДРОМЕТ» РМК БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
— Алайда баршаға бұл жазғы ауа райынан ләззат алу бұйырмайды: батыс және солтүстік аймақтарға циклон мен соған байланысты атмосфералық фронттар әсер етіп, жаңбыр, найзағай, кей жерлерде күшті жаңбыр мен бұршақ жаууы ықтимал.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.