Шығыс Қазақстан облысында 13 мың тұрғынға рұқсат етілмеген жерге қоқыс тастағаны үшін айыппұл салынды. Бәрі қоғамдық орынды бейберекет ластаған. Аулада орналасқан контейнер алаңдары құрылыс қалдықтарына толған. Осыған байланысты тәртіп сақшылары бұзақыларды бейнебақылау камералары арқылы анықтап, бәрін жазаға тартты. Олардың арасында 189 кәсіпкер бар. Табиғатты қорғау полициясының араласуымен енді олар аумақты абаттандыруға міндетті. Қазір қаладағы тұрғын үй кешендерінде арнайы техника жұмыс істеп жатыр. Қоқыс шығару ісі қолға алынып, 224 заңсыз қоқыс үйіндісі жойылды. Жергілікті экобелсенділер де бұл істен қалыс қалмай, тазалық жұмыстарының барысын қатаң бақылауға уәде берді.
ЕЛЕНА БЕРЕЗИНСКАЯ, «ӨСКЕМЕН ТЫНЫСЫ» БЮРОСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
— Әрине, қоршаған ортаны ластаған жеке тұлға мен ұйымға айыппұл салу орынды. Себебі қоқыстың кез-келген жерге тасталуы планетаға зиянын тигізеді.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.