Елімізде «100 кітап» сауалнамасы жүріп жатыр

Кітапсүйер қауым үшін сүйінші жаңалық! Тарихи шығарма, көркем әдебиет пе әлде детектив пе? Енді қазақстандықтар ұнатқан жанрындағы шығарманы «100 кітап» тізіміне қоса алады. Елімізде төл әдебиетіміздегі туындыларды іріктеуге арналған жалпыұлттық сауалнама басталды. Оның нәтижесі қашан жарияланады және қазақстандықтар дауыс беру шарасына қалай қатыса алады?
Сауалнама басталғалы кітапханаға келушілер көбейген. Әр оқырман төл әдебиеттегі үздік туындысына дауыс беруге асық. Астаналық тұрғын Ербол Дүйсенбай – соның бірі. Өзі үздік санайтын 10 кітабына таңдау жасап назар аудара отырып, оны қандай мәселе алаңдатып отыр. Әйел мен бала құқығы дегенде осыдан 1 ғасыр бұрын жазылған романдардың әлі де болса күн тәртібінен түспегенін көрдік. Әлі де жұрт оқиды әлі де өзі танып отыр. Спандияр Көбеев деген керемет жазушы болды, оның кітабын іздеп жүргендер жоқ,

Дауыс беру Egov порталымен іске асады. Қазақстандықтар сүйікті жазушысының аты-жөнін, шығармасын көрсете алады. 10 кітапқа дейін таңдау мүмкіндігі беріледі.

ЖАНЫЛБЕК БАЙДАРБЕКОВА, КІТАПХАНАШЫ:
— Балалардың сұрайтын кітаптары – Абай Құнанбаев, Соқпақбаевтардың кітаптары. Ғабит Мүсірепов секілді қазақ жазушыларынң ктіаптарын сұрайды. Қолдаймыз, оқырмандардың саны артып, білімге құқұтарлығы оянды.

Ойы озы, көкірегі ояу ұлт болу үшін қоғамда кітап оқу мәдениетін қалыптастыру маңызды. «Ең үздік 100 кітап» бастамасы осы мақсатты көздейді. Жалпыұлттық сауалнама 3 айға созылады. 100 үздік кітаптың тізімі 10 тамызда «Абай күні» қарсаңында жарияланады.
———————————————