Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv
ІС СОТҚА ЖОЛДАНДЫ
Ақтөбеде екі адамды қатыгездікпен өлтіріп, бұрынғы әйелін кепілге алған күдіктіге қатысты тергеу аяқталды. Қылмыстық іс сотқа жолданды.
СУҒА КЕТТІ
Жетісуда Көксу өзеніне ағып кеткен ер адам табылмай жатыр. Ол ағысы қатты судан арқан арқылы өтпек болған. Іздестіру жұмыстарына құтқарушылар, әскерилер мен еріктілер жұмылдырылды.
СОҚҚЫҒА ЖЫҚТЫ
Тағы да әлімжеттік. Атырауда оқушылар өзінен кіші балаларды аяусыз ұрып-соққан. Ақша бопсалап, жұмысқа салған. Осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.
100 КІТАП
Сіз қандай кітап оқисыз және сүйікті жазушыңыз кім? Елімізде «100 кітап» сауалнамасы жүріп жатыр. Egov мобильді қосымшасы немесе QR-код арқылы дауыс беріп, үздік шығарманы таңдауға үш ай бар.
АПТАП ЫСТЫҚ
Мамырда мамыражай күн райын күтпеңіз. Алдағы айда еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады. Синоптиктер күн 44 градусқа дейін ыситынын айтады.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.