Кішкентай Батырға көмек қолын созғысы келетіндерге реквизит:
Kaspi: +7 705 109 00 22 / 4400 4302 1908 6813
Halyk: +7 705 109 00 22 / 4003 0351 9619 4083
Барлық ақпарат https://www.instagram.com/ray_moona парақшасында.
Если вы хотите помочь маленькому Батыру, вы можете перевести любую сумму на следующие реквизиты:
Kaspi: +7 705 109 00 22 / 4400 4302 1908 6813
Halyk: +7 705 109 00 22 / 4003 0351 9619 4083
Вся дополнительная информация — на странице https://www.instagram.com/ray_moona.
Жаза орнына мәжбүрлі түрде емдеуге жіберді. Астанада тұрғын үй лифтісінде 5 жасар баланың бетін пышақпен тілген жасөспірім қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды. Ал 5 жасар баланың жағдайы қалай? Қандай ем алып жатыр?
Астанада 5 жасар бүлдіршіннің бетін пышақпен тілгілеген жасөспірімге қатысты сот үкімі шықты. Кәмелетке толмаған бала қылмыстық жазадан босатылып, мәжбүрлеп емдеуге жіберілді.
Астана қаласы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданарлық соты:
«ҚК 16-бабына сәйкес, қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған уақытта есі дұрыс емес күйде болған адам қылмыстық жауапқа тартылмайды. Сот қаулысына сәйкес, жасөспірімге Талғар ауданы Ақтас ауылындағы ұдайы бақыланатын мамандандырылған үлгідегі мекемеде стационарлық емдеу тағайындалды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ».
Мәтін: Жәбірленушінің анасы сот шешімімен келіседі. Аппеляциялық шағым түсірмейді. Жасөспірім психоневрологиялық есепте тұрғандықтан, қылмыстық жауапқа тартылмайтынын да білген. Басты арманы – баласының тезірек сауығып кетуі. Өйткені бес жасар Батыр қазір лифтіге мінуге қорқады. Далаға да жалғыз шықпайтын болған. Қатты үрейленеді.
ЖӘБІРЛЕНУШІНІҢ АНАСЫ:
— Карточкаларды қараған кезде қорқатын эмоцияларды алып жатыр. Қорқынышы бар, оны психотерапевт айтты. Балада қант диабеті бар. 3 айда нәтиже көріп тұрған жоқпыз. Сол жағы әлі жұмыс істемей тұр. Шетелге апарамыз деген шешімге келдік.
ИНАРА БАРСАҚБАЕВА, ТІЛШІ:
— Лифтідегі қайғылы жағдайдан кейін кішкентай Батыр біртіндеп оңалып келеді. Анасы бізге берген сұхбатында баласына әлі де кешенді медициналық ем-дом керегін айтты. Толық сауығып кетуі үшін сол жақ бетіне хирургиялық операция жасату қажет. Сондықтан бүлдіршіннің анасы қазір Израиль, Корея, Ресей елінің дәрігерлерін қарастырып жатыр.
Ал шетелде емдету арзан емес екені белгілі. Сондықтан Батырдың анасы баласының еміне қайырымды жандардан көмек сұрайды. Естеріңізге сала кетейік, оқыс оқиға жыл басында Астанадағы көп қабатты тұрғын үйлердің біріндегі лифт ішінде болған еді. Психикалық ауытқуы бар жасөспірім 5 жасар балаға тисіп, бетін пышақпен тілгілеген.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.