Қарағандылық келіншек сәбиін бөтен отбасына сыйға тартқан

Қарағандыда жаңа туған сәбилерді сату ісі күтпеген сипат алып, мүлде басқа бағытта өрби түсті.
Адвокаттар айыпталушылардың нәрестерлер үшін ақша төлемегенін, керісінше балаларды сый ретінде алғанын дәлелдеп шықты. Осыған байланысты айыптау қайта сараланды. Енді іс сатып алу-сату емес, «сыйға тарту» ретінде қарастырылады.
Естеріңізге сала кетейін, даулы оқиға 2021 және 2023 жылдары болған. Тергеудің бастапқы нұсқасы бойынша көпбалалы әйел бала көтере алмаған отбасыға нәресте қызды, кейін тағы бір жанұяға ұл баланы сатқан. Күдікті бұл істі перинаталдық орталықта істейтін таныс мейірбике арқылы жүзеге асырған. Тергеу материалдарына сәйкес, бір баланың құны – 3 миллион теңге. Қазір сот алдында биологиялық ана, мейірбике және екі отбасылық жұп отыр.
ИРИНА МАЛЕНКО, АЙЫПТАЛУШЫ АДВОКАТЫ:
— Асыраушы 2 ата-ана мен биологиялық ана бұл әрекетке мейірім мен балаға деген сүйіспеншілікпен барған. Себебі нәрестенің балалар үйіне емес, ана құшағына түскенін қалаған. Мысалы, менің қорғауымдағы отбасында қыз бала қазір төрт жаста. Сотта сөйлеген психолог маман: «Баланы бұл отбасынан айыруға мүлдем болмайды», – деп те айтты.
———————————————