Алты жылдан бері ұстатпай жүрген Талғат Ардан қолға түсті. «Астана LRТ»-ның бұрынғы басшысы Түркияда ұсталды. Антальяда жүрген жерінен қолына кісен салынды. Қазір оны Қазақстанға депортациялау мәселесі шешіліп жатыр. Жалпы LRT ісі бойынша тергеу бес жыл бұрын аяқталған. Екі жыл бұрын Астана соты оған сырттай 9 жыл үкім кескен. Талғат Арданға LRT құрылысына бөлінген қыруар қаржыны жымқырды деген айып тағылған.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.