Шымкент қаласында ер адам терроризмді насихаттап, ұлтаралық және дінаралық араздықты қоздырғаны үшін сотталды. Ол әлеуметтік желіде арна ашып, халықаралық экстремистік ұйымның идеологиясын дәріптейтін бейнероликтер жариялаған. Ұлт пен ұлысты, этнос пен түрлі дін өкілдерін шағыстыратын жазбалар таратқан. Тергеуде кінәсі толық дәлелденіп, сот 7 жыл үкім кесті.
СӘБИТ ТӨРЕХАНОВ, СУДЬЯ:
— Өзінің кінәсін толық мойындап, оған қылмыстық жауаптылық болатынын білмейтіні туралы уәжін айтты. Назарға алып, сот оны кінәлі деп танып 7 жылға бас бостандығынан айырды. Кінәсін мойындағанын, бұрын сотты болмағанын ескерді.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.