Шымкентте полицейлер тәртіпсіз жүргізушілердің соңына түсті. Жедел басқару орталығы арқылы бірнеше жол ережесін бұзған автокөлік жүргізушісі анықталды. Бейнежазбада ер адамның жол белгілерін елемей, апаттық жағдай туғызғанын көруге болады. Онымен қоймай, жүргізуші бағдаршамның тыйым салатын сигналына өтіп, қарсы қозғалыс жолағына шыққан. Тексеру кезінде оның бұрын көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталып, ұсақбұзақылық жасағаны және жол ережелерін бұзғаны үшін 15 тәулікке қамауға алынды. Полиция қауіпті жүргізушілерді құрықтау үшін жұмыс тәртібін күшейтті.
ТОҚТАРБЕК ӘШІРБАЕВ, ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ ПОЛКІ КОМАНДИРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Сонымен қатар қала аумағында «Қауіпсіз жол» жедел іс-шарасы күшейтілген тәртіпте өтуде. Полиция қызметкерлері жол қозғалысы қатысушылары арасында түсіндіру және алдын алу жұмыстарын жүргізіп, жол қозғалысы қағидаларын өрескел бұзған деректердің жолын кесуде.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.