Тоққа түсіп, көз жұмған балаға қатысты іс тергеліп жатыр

Қызылордада тоғыз ай бұрын тоққа түсіп, көз жұмған балаға қатысты іс әлі тергеліп жатыр. Жеткіншек дүкен жанындағы желдеткіштің ашық-шашық жатқан электр сымын абайсызда ұстап, жан тапсырған еді. Баланың отбасы бұл істің сотқа тезірек жетуін сұрайды. Соза берсең, тоза береді. «Тергеудің былай жалғаса бергені біздің көңілімізге күдік ұялатады», — дейді баланың ата-анасы.
ЖАНАР ЛӘПБАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
— Қалалық, облыстық прокуратруға арыз жаздым. Барасың, барған кезде сені «иә, болады, әне-міне» деп шығарып салады. 2-3 күннен кейін істің жағдайын сұрайын десең, я тергеуші жауап бермейді, я бастығы жауап бермейді.
Баланың электр тоғының әсерінен көз жұмғанын сот медициналық сараптамысы да, дәрігерлер де растаған. Полиция бұл оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүріп жатқанын хабарлады.
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ:
«Қылмысты жан-жақты және объективті түрде тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Соңында заңды шешім қабылданады. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, қылмыстық іс жүргізу желісі тергеу құпиялығына байланысты жарияланбайды».
———————————————