Тұрғындар электр энергиясына шамамен 35 миллиард теңге артық төлеген. Заң бұзушылықты Жоғарғы аудиторлық палата анықтады. Бірақ Энергетика министрлігі халыққа ақша қайтарылмайтынын, қайта есептеу жүргізілмейтінін хабарлады. Себебі елдің энергетика саласын тексерген аудиторлар тарифтердің қоғамдық тыңдаусыз бекітілетінін, смета мен есеп мүлдем жарияланбайтынын анықтады. Ал тариф электр компанияларына ыңғайлы формуламен бекітіліп келген. Жоғарғы аудитор Әлихан Смайылов майнерлер электр энергиясын бақылаусыз пайдаланып жүргенін айтып, Энергетика министрлігі кейбіреулерге: «Халық есебінен ештеңе істемей табыс табуға мүмкіндік беріп отыр», — деп мәлімдеді.
ӘЛИХАН СМАЙЫЛОВ, ЖОҒАРҒЫ АУДИТОРЛЫҚ ПАЛАТА ТӨРАҒАСЫ:
— Ең алдымен, Энергетика министрлігі өндіріс көлеміне, тұтынуға және нақты тарифтерге мониторинг жүргізуге тиіс. Аудит деректеріне сәйкес, майнерлер Бірыңғай сатып алушыны айналып өтіп, 1 млрд кВт сағатқа дейін электр энергиясын тұтынып отыр. Энергия тапшылығы жағдайында майнерлердің электр қуатын осылай бақылаусыз тұтынуына қалай жол беруге болады? Бұл – халық есебінен еш қиындықсыз пайда табудың жолы. Ал сіздер бұған жол беріп отырсыздар. Бақылаудың тиімді механизмі жоқ.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.