Биыл елімізде картоп былтырғыдай қымбат болмайды. Өйткені картоп алқаптары 9 мың гектарға дейін ұлғайтылып жатыр. Бұл жайында Үкімет отырысында Ауылшаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров айтты. Ведомство басшысының мәліметінше, бұл ішкі нарықты толық қамтуға тиіс. Өткен жылы Қазақстан 2 миллион 600 мың тонна картоп жинап, 600 мың тоннасын экспортқа жөнелткен. Бірақ Өзбекстан тарапынан сұраныс артқандықтан, біздегі картоп бағасына әсер еткен. Ендігі жерде өнімді сақтау үшін көкөніс сақтау қоймалары салынып жатыр. Ал дәл қазір сатылымдағы жас картоптың бағасы әлі де қымбат. Отандық тауар болса да, келісі 390-400 теңге.
АЗАТ СҰЛТАНОВ, ҚР АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:
— Жаңа картоп бағасының қымбат болуы өсіру технологиясына байланысты. Өнім Түркістан облысынан жеткізіліп жатыр. Алқаптан енді ғана жиналған картоптың қабығы жұп-жұқа, көктемгі дақыл. Арнайы жабындымен жауып, баптаған. Сондықтан оған шығыны да қосылады.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.