Шегіртке тағы шабуыл жасай бастады. Бұған шаруалар шырылдап жатыр. Зиянкесті улауға биыл республикалық бюджеттен 7 млрд теңге бөлінді. Шегіртке қазірдің өзінде 2 миллион гектар жерге жайылып үлгерген. Әсіресе Түркістан мен Жамбыл облыстарында көп. Қазір 443 бүріккіш техника мен 5 мыңға жуық маман алқаптарды дәрілеп жатыр. Бұл ретте Өзбекстан және Ресеймен шекаралас аймақтарға аса мән берген дұрыс. Себебі көршілес елдер де зиянкеспен күресті күшейткен. Яғни салалық министрлікке осының алдын алу тапсырылды.
АЙДАРБЕК САПАРОВ, АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІ:
— Бұл жерде ешқандай қауіп жоқ. Күнделікті жұмыста бақылауда ұстаймыз. Шекарада басталып кетме, техникаларымыз дайын тұр. Ұшағымыз да, дрондарымыз да – барлығы бар сол жерде.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.