Тал-теректің орнына көлік бекеті. Ақтөбеде кәсіпкер жайқалып тұрған жасыл желекті аяусыз кесіп жатыр. Бұған жергілікті тұрғындар наразы. Әкімдік әуелде 5 ағаш кесуге рұқсат берген. Бірақ кәсіпкер бұдан 4 есе көп отап үлгерді.Тіпті жұрттан жасыру үшін аумаққа темір қоршау орнатқан. Бизнесмен жалға алынған 12 соттық жер теліміне- техникалық қызмет көрсету кешені мен көлік жуу орнын салуды көздейді. Жергілікті билік болса, бұл мәселені шешуге уәде еткен. Жалпы, заңсыз ағаш кескендерге әкімшілік және қылмыстық жаза қарастырылған. Айыппұл көлемі 600 мың теңгеден асады.
БАҒИЛА ЖАНТІЛЕУОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
— Талды қопарып жатыр. Әуелі қоршап ал, сосын халықпен сөйлес. Бізді адамға санамайды. Ақтөбеде қалай көктем басталады. Мыңдап тал егеді. Ол талдың бәрі солып қалады. Суарылмаған тал, келесі жылы тағы да егеді. Өсіре алмай жатқанда, үлкен үлкен талдарды қандай жүрекпен шауып отыр.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.