Қарағандылық келіншек сәбиін бөтен отбасына сыйға тартқан | 13.05.2025

Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv

ЖАЗА ОРНЫНА – ЕМ
Жаза орнына мәжбүрлі түрде емдеуге жіберді. Астанада тұрғын үй лифтісінде 5 жасар баланың бетін пышақпен тілген жасөспірім қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды.

СӘБИ САУДАСЫ
Биологиялық ананың бізге беймәлім сыры ашылды. Қарағандылық келіншек нәрестені бөтен отбасына сыйға тартқан болып шықты. Енді бұған дейін баланы сату бабымен қаралған істің бағыты өзгерді.

ҚАУІПТІ КОНТЕНТ
Қауіпті контенттің соңы – колония. Әлеуметтік желіде терроризмді ашық насихаттаған Шымкент тұрғыны сотталды. Оған сот 7 жыл үкім кесті.

АРТЫҚ ТӨЛЕМ
Қалтаны қаққан төлем. Қазақстандық тұтынушылар электр қуатына 35 млрд теңге артық төлеген. Бұл қаражат кері қайтарыла ма?

ШЕГІРТКЕНІҢ ӘЛЕГІ
Шегіртке тағы егіс алқаптарына шабуыл жасай бастады. Бұған шаруалар шырылдап жатыр. Зиянкесті улауға 7 млрд теңге бөлінді.
———————————————