Талдықорғанда 14 жастағы баланы автобус қағып кетті. Жасөспірім оқиға орнында қайтыс болды. Оқушы мектеп алдындағы жүргіншілер жолағымен өтіп бара жатқан. Жетісу облыстық полиция департаментінің қызметкерлері Қылмыстық кодекстің 345-бабы, 3-ші бөлігі бойынша іс қозғады. Бұл бап бойынша күдікті бес жылға бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Тергеу жүріп жатыр. Көлік жүргізушісі қамалды. Белгілісі, 59 жаста, көлік жүргізу тәжірибесі де біраз екен.
ЖАНАР ХАЛЫҚОВА, ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:
— Алдын ала мәлімет бойынша автобус жүргізуші жаяу жүргіншілер өткелінде кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жаяу жүргінші оқиға орнында қаза тапты. Жүргізуші қамауға алынды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.