Шерзат Полат ісі: сотталушы 7 жыл арқалады

Шерзат Полат ісіндегі сотталушылардың бірі 7 жыл арқалады. Азамат Тоқтаубаев Талғардағы төбелеске дейін басқа қылмыстық оқиға бойынша істі болған. Ол адамға шабуыл жасау дерегі бойынша айыпталып, тергеу кезінде екі айға қамауға алынған. Алайда ол мерзім өткеннен кейін Тоқтаубаев сот шешімімен үй қамаққа жіберілген. Енді 24 жасар жігіт сол қылмысы үшін жеті жылға бас бостандығынан айрылды. Жазасын қауіпсіздігі орташа деңгейдегі колонияда өтейді.
Бір қызығы, сотталушыға үкім Шерзат Полат өлтірілген күннен екі аптадан кейін 2024 жылдың 17 қазанында шығарылған.
———————————————