ШҚО-да тұрғындар мен төрт түліктен бруцеллез анықталған

Шығыс Қазақстан облысының санитарлық және ветеринар дәрігерлері бруцеллезбен күресіп жатыр. Өңірдің үш ауданында тұрғындар мен төрт түліктен сарып ауруы анықталған. Қаңтар мен сәуір аралығында дерт жұқтырған 12 адам тіркеліп, барлығы емдеу курсынан өткізілді. Ушыққан эпидахуалды тұрақтандыру үшін аймаққа 5 миллион доза вакцина жеткізілді. Бруцеллезбен күрес шараларына республикалық бюджеттен 2 миллиард теңгеден астам қаржы бөлініп отыр. Дәрігерлер таралуы тез аурудың алдын алуға басымдық беру керектігін айтады. Әйтпесе жағдай күрделене түсуі мүмкін. Өткен жылы өңірде дертті жұқтырудың 40 дерегі тіркелген болатын.
СӘУЛЕ СЛӘМҒАЗИНА, СЭҚД БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Осы жылдың мамырына дейін төрт тұрғын бруцеллез жұқтырған. Үш ауданда анықталған үш ауру ошағы бар. Сол маңда тұратын 12 науқас толық емделді.
———————————————