Ұлттық ұланның авиациялық базасының ашылғанына биыл бір жыл. Әскери қалашық биыл жаңа ұшақтармен қамтылмақ. Көкті бағындырған әскерилер енді аспаннан түспей, аптасына бірнеше рет жаттығу жасамақ.
Мақсат Неталин ұшқыш болуды бала күнінен армандаған. Мектеп бітірген соң Ұлттық академия авиациясына оқуға түседі. Енді Ұлттық ұлан сапында ұшқыз қызметін абыорймен атқарып жүр.
МАҚСАТ НЕТАЛИН, ҰШҚЫШ
– Денсаулық керек, өйткені біз ауаға көтерілеміз ғой. Қысым болады. Есіңнен танып қалу жағдайы болып қалмауы керек.
Бақытбек Мұхаммеджан да мамандық таңдаудан қателеспегенін айтады. Ұлттық ұланның әуе базасында инженер. Ұшақтың қауіпсіздігі осы маманның мұқияттылығы мен біліктілігіне тікелей байланысты. Бүгін де әдеттедігей әуе кемесінің қосалқы бөлшектерін тексеріп, ақаудың бар-жоғын анықтады.
БАҚЫТБЕК МҰХАММЕДЖАН, ИНЖЕНЕР:
– Әуедегі қауіпсіздік жердегі жұмыстардан басталады. Әр маманның жауапкершілігі болады. Ұшақ келеді, сол ұшақтың әр мезгіл сайын жұмыс істейтін уақыты болады. Мына ұшаққа келетін болсақ, әр 300 сағат сайын тексереміз. Фильтрін ауыстырамыз, майларын ауыстырамыз, ақау болмауын тексереміз.
Жақында ғана Ұлттық ұланның әуе базасына жаңа ұшақ жеткізілді. Әскерилердің ендігі міндеті – осы тың техниканы тыңғылықты игеру. Жалпы жыл сайын әскери техника түрленіп, жаңарады. Сондықтан мамандар да біліктілігін үнемі арттырып отырады.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.