Қарағандыдағы Нұркен Әбдіров атындағы әуе базасында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты шеруге дайындық қызу жүріп жатыр. Таң сібірлеп атқан сәттен бастап аспанды ұшақтардың турбиналық үні кернейді. Оқу-жауынгерлік және көпмақсатты әуе кемелері бірінен соң бірі көкке көтеріледі. Экипаж ұшу мен қону әрекеттерін, сондай-ақ күрделі аэробатикалық фигураларды пысықтап, шеберліктерін шыңдауда. Аспандағы әрбір маневр миллиметр дәлдікпен тексеріледі. Қазақстандық әскери авиацияның үздіктері 7 мамыр күні өздерінің кәсіби шеберліктерін паш етпек.
ДАНИЯР СӘРСЕНБАЕВ, ӘСКЕРИ БӨЛІМНІҢ АВИАЦИЯЛЫҚ БУЫН КОМАНДИРІ:
— Экипаж жаяу ұшу жаттығуларын сәтті аяқтап, барлық қажет дренаждық шараны орындады. Ұшу алдындағы тапсырма толық келісіліп, дайындық үйлесімді жүргізілді.
Қазақстан халқы мен шетелдік көрермен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған шеруді, соның ішінде ұшу шеберлігін жоғары бағалайды деген үміттеміз.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.