Қазақстан шахматтан 39 медальді қанжығасына байлады

Қазақстан Батыс Азия чемпионатында 39 медальді қанжығасына байлады. Оның 16-сы – алтын. Бұл – турнир тарихындағы үздік нәтиже. Душанбе қаласында өткен спорт шарасына 8 бен 18 жас аралығындағы жас шахматшылар қатысты. 13 елден 391 спортшы қатысқан чемпионатта қазақстандық құрама рапид, блиц және классика бағдарламалары бойынша сенімді түрде көш бастады. Әсіресе 7 жасар Әдинұр Әділбек пен 13 жасар Мария Холявко көпшілікті өз шеберліктерімен таңғалдырды. Олардың әрқайсысы 2 алтын және 1 қола медальды жеңіп алды.
ТИМУР ТУРЛОВ, ҚАЗАҚСТАН ШАХМАТ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
— Қазақстан мақтан тұтатын біздің жас таланттарымыз бұл жолы да төбемізді көкке жеткізді. Олардың жеңісі – жай ғана медаль емес. Әрбір жетістік еліміздің мықты шахмат мектебін құрып жатқанын көрсетеді. Зор қуаныш сыйлаған дарынды спортшыларға, ата-аналары мен жаттықтырушыларына рақмет! Осындай сәт үшін жұмысты одан әрі жалғастырамыз.
———————————————