Қосымша құн салығы 16% болып бекітілді

Қазақстанда қосымша құн салығы 16% болып бекітілді. Бүгін Мәжіліс депутаттары Үкіметпен бірлесіп, салық мәселесіне . Әу, баста Үкімет ұсынған 20 пайыздық мөлшерлеме 16 пайызға дейін төмендетілді. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары мен отандық басылымдарды, сондай-ақ баспа түріндегі кітаптарды басып шығару қызметтерін ҚҚС төлеуден босату жоспарланып отыр. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау мақсатымен қосылған құн салығы сомасы 70 пайыздан 80 пайызға дейін ұлғайтылды. Дәрілік заттар мен медициналық қызметтерге қосылған құн салығының төмендетілген мөлшерлемелері енгізіледі: 2026 жылдан бастап 5 пайыз және 2027 жылдан бастап 10 пайыз болады.
ЕРЛАН ҚОШАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
— Бүгін біз өте маңызды заң — Салық кодексін қабылдадық. Мемлекет басшысы жыл басында Үкімет отырысында жаңа Салық кодексінің негізгі құрылымын айқындап берген болатын. Әділ, ашық және болжамды салық заңнамасын қабылдау туралы нақты міндет қойылған. Бұл – бизнес пен азаматтардың қаржылық міндеттемелерін реттейтін жай ғана ережелер жиынтығы емес, жаңа экономикалық саясат жағдайындағы әділдік пен ашықтық кодексі.
———————————————