Табысы көптің салығы да көп болады

Кімнің табысы төмен болса, соған салынатын салық та аз болады. Салық заңнамасына енгізілген екінші түзетулерде жеке табыс салығы қалай есептелетіні белгіленді. Нақты айтқанда, азаматтардың басым бөлігі үшін жеке табыс салығының мөлшерлемесі өзгермей, қазіргі 10% деңгейінде сақталады. Ал айлық табысы 3 млн теңгеге жуықтайтын немесе асатын азаматтардың жалақысынан 15% жеке табыс салығы ұсталады. «Мұндай үлгі аз қамтылған азаматтардың табысын арттыруға ынталандырып, әлеуметтік теңсіздікті азайтады», — деп есептейді Жаңа салық кодексін ұсынушылар.
———————————————