Лифтте бес жасар баланың бетін пышақпен тілген жасөспірімнің ісі бойынша сот отырысы бүгін өтпей қалды. Судья оны белгісіз себеппен кейінге шегерген. Келесі отырыс қашан өтетіні де айтылмайды. Бұл оқиғаға қатысты іс «Бұзақылық» бабымен сотқа жіберілген болатын. Жәбірленушінің ата-анасы бұнымен келіспей, істі балаға жасалған қастандық ретінде қарау керек деген.
Еске салайық, Астана қаласындағы тұрғын үйдің бірінде лифтіде жасөспірім 5 жасар балаға пышақпен шабуыл жасаған еді. 14 жастағы жасөспірім психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған. Ал зардап шеккен жеткіншек әлі күнге дейін ем алып жатыр.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.