Қыздар төбелесі: шаштан тартып, іштен тепті

Қыздар төбелесті. Қаскелеңде колледж студенттері қатарласын соққыға жықты. Желіде тараған бейнежазбада қыздардың бірін аяусыз ұрып-соққанын көруге болады. Оқиға 24 сәуірде болған. Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдері міндетін дұрыс орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Айта кетейік, кеше ғана Алматы облысындағы мектептердің бірінде оқушылар төбелесіп, ата-аналары жауапқа тартылды.
———————————————