28 түркістандық полицей жазаға тартылды

Түркістан облысында 28 полицей тәртіптік жазаға тартылды. Олар өз жұмысына селқос қараған. Арнайы тексеру кезінде құны 400 млн теңге тұратын майнинг жабдығының жоғалғаны анықталды. Былтыр майнинг құралын тиеген жүк көлігі айып тұрағына жөнелтілген. Алайда енді ондағы жабдық жоқ болып шықты. Бұл оқиғаға жол берген жауапты қызметкерлердің біразы қатаң сөгіс алып, кейбірі лауазымымен қош айтысты.
———————————————