Жер сілкінгендегі 10 қарапайым қадам

Жер сілкінісі болып, дабыл соғылды. Алматыда сейсмикалық оқу- жаттығу өтті. Тұрғын үй кешенінде құтқарушылар жер сілкінісінің салдарын жойып, көпқабатты ғимаратта қызыл жалынды ауыздықтады. Үйінділердің астынан зардап шеккендерді құтқарып, зілзала кезіндегі халықтың дайындығын пысықтады. Сол сияқты 5 мың адамға арналған шатырлы қалашық құрылып, құтқару қызметінің далалық госпитальдары орналастырылды. Мұнда күрделі хирургиялық операциялар жүргізу мүмкіндігі қаралды.
Айта кетейік, мегаполисте 384 уақытша паналау орны бар. Оның барлығы 2ГИС қосымшасында көрсетілген.
ӘНУАР ЮСУПОВ, ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Мобильді қосымшаларға ЧС Алматы қосымшасын жүктеп алып, жер сілкінісі кезінде қандай он қарапайым қадамды жасау керек екенін сол жақтан көруге болады.
———————————————