Президент Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығына құттықтау жолдады

Мемлекет басшысы Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығына құттықтау жолдады. Жуырда бұл орталық еліміздің медицина тарихында тұңғыш рет бір мезетте үш науқасқа үш донордың бүйрегін тоғыспалы трансплантация тәсілімен салатын аса күрделі операцияны сәтті өткізді.
Осы орайда Президент белгілі хирург, профессор Болатбек Баймахановтың жетекшілігімен жасалған бұл операцияны отандық медицинаның зор жетістігі ретінде бағалап, орталық ұжымына Алғыс хат жолдады.
———————————————