80 майдангердің қолжазбасы жинақ болып шығады

Жеңістің 80 жылдығына орай сырбойылық 80 майдангердің құнды қолжазбасы антологиялық таспаға жинақталып жатыр. Ұрыс даласында жазылған хаттар отты жылдардың естелігі іспеттІ. Жауынгер жырлары жаңа жинаққа топтастырылады. Ғылыми еңбектер дыбыстық және жазбаша нұсқада жинақталады. Сыр сүлейлерінің ізбасарлары майдангерлер хатын нақышына келтіріп орындаса, тарихшылар өңірлік мұрағат қорында сақтаулы мол мұраны саралауды қолға алған.
АМАНДЫҚ БҮРЛІБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ФИЛАРМОНИЯ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
— Тек жыршы-жырауларымыздың орындаушылығымен ғана шектелмей, ғылыми бағытта жұмыс істеу – біздің бірінші кезектегі жұмысымыз. Ғылыми мамандарымыз бүгінде күні-түні жұмыс істеп, ел-елден біздің ақын-жазушылардың үнтаспаларын тауып, жыраулар үйінде оны өңдеу, таспалау бағытында жақсы жұмыстар атқарып жатыр.
———————————————