Қосымша құн салығы 16% болып бекітілді | 30.04.2025

Жүргізуші: Оксана Петерс — https://www.instagram.com/oksana_peters_tv

САЛЫҚ КОДЕКСІ
16 пайыз. Қосымша құн салығының мөлшерлемесі бекітілді. Мәжіліс депутаттар жаңа Салық Кодексінің жобасын екінші оқылымда қабылдады.

ҚЫЗДАР ТӨБЕЛЕСІ
Шаштан тартып, іштен тепті. Қаскелеңде бойжеткен қатарласын соққыға жықты. Осы қылығы үшін ата-аналары тәрбие сабағын қайта оқып жатыр.

АЛАКӨЛДЕН
Алакөл жағасы туристік орта емес, құрылыс алаңына айналады. Көп ұзамай жағалауды бекіту жұмыстары басталмақ. Бұған кәсіпкерлер наразы.

МАЛҒА ТАЛАС
Малымыз сау. Ақтөбе облысы Байғанин ауданының тұрғындары бруцеллез диагнозына күмән келтіріп отыр. Ветеринар не дейді?

МАЙДАННАН ХАТ
Жеңістің 80 жылдығына 80 майдангердің қолжазбасы. Жауынгерлердің ұрыс алаңында жазған отты жырлары аудио және жазба жинақ болып шығады.
———————————————