Оралда баланың тоққа түсіп қаза болуына байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр. 30 сәуір күні тоғыз жастағы бала трансформаторға түскен добын алмақ болып, тоқ соғып, ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген еді. Жеткіншек допты алу үшін шатырға шыққан кезде, абайсызда ашық электр сымына тиген. Салдарынан денесінің 95% төртінші дәрежелі күйік шалды. Дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасағанымен, баланы аман алып қалу мүмкін болмады.
БОЛАТ ӘЛІБАЕВ, ТРАВМАТОЛОГИЯ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:
– Келген кездегі науқастың жағдайы ауыр. Денесінің бастан аяққа дейінгі екі қол, денесі, екі аяғын күйік шалған. Жағдайының ауырлығына байланысты науқас көз жұмды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.