500-ден астам адам заңсыз жүргізуші куәлігін алған

Шымкентте 500-ден астам адам заңсыз жүргізуші куәлігін алған. Қаладағы №2 халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы мен бірнеше лауазымды қызметкері жүргізуші куәлігін теориялық және практикалық емтихандардан өтпей, заңсыз алу схемасын ұйымдастырған. Олар бұл әрекеттерін 2023-2024 жылдары жүзеге асырып келген. Ұйымдасқан топ мұндай «қызметі» үшін әр адамнан 150 мыңнан 400 мың теңгеге дейін ақы алып отырған. Қазіргі таңда 12 күдікті қамауға алынды.

ЕРНАР ТАЙЖАН, ҚР ҚМА РЕСМИ ӨКІЛІ:

– Тергеу аясында 200 млн теңгеден астам сомаға бағаланған күдіктілердің мүлкіне, оның ішінде 2 жеке үй, 2 пәтер, 2 жер телімі және 10 автокөлікке тәркілеу мақсатында тыйым салынды. Соттың санкциясымен 12 күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.
———————————————