Бұқтырма өзені күрт көтерілді

Бұқтырма өзені күрт көтеріліп, Зубовск кентінде 13 аулаға су кірді. Қауіпті аймаққа құтқарушылар аттанды. Бір тәулікте бөгет нығайтылып, 980 тонна тасты топырақ жеткізілді. Өзен жағалауына мыңнан астам құм салынған қап төселді. Су жайылған аумақтан 4 мың текше метрден астам су сорылды. Шығыс Қазақстан облысының таулы аймақтарында мұздықтар әлі еру үстінде. «Сондықтан тау етегіндегі өзендерде су деңгейі тағы көтерілуі мүмкін», — дейді мамандар. Алтай мен Катонқарағай аудандарына қауіп бар.

АМАНГЕЛДІ ЕҢСЕГЕНОВ, ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
– Енді ол жерде 13 техника 65 адамнан көп адам жергілікті атқарушы орган мен біздің төтенше жағдайлар саласының қызметкерлері бірлесе отырып қызмет атқардық. Енді қазіргі уақытта ешқандай қауіп жоқ. Халықтың айтуынша, бұл жылда көтерілетін су, жерасты сулары осы Бұқтырма өзені көтерілуіне байланысты.
———————————————