Ерен еңбек еленді. Петропавлда су тасқынымен күрескен құтқарушылар мен әскери сарбаздар марапатталды. Орталық алаңда төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов арнайы қатысып осы күннің батырларына алғыс хат, медаль және тағы да басқа награданы табыстады.
Естерізге сала кетейік, биыл өңірге Алматы, Қарағанды, Ақмола, Қостанай облысымен Астана қаласынан барлығы 800-ден астам адам көмекке келді. Олар облыс орталығы мен Қызылжар ауданындағы алты елді мекеннің аумағында күндіз-түні бөгеттерді нығайтып, табиғи апаттың алдын алды. Сондай-ақ жергілікті тұрғындарды эвакуациялауға, авариялық-құтқаруға жұмылдырылды. Тынымсыз еңбектен соң ауылдың ешқайсысына су кірген жоқ. Есілдегі судың деңгейі айтарлықтай төмендеп, қауіптің беті сейілді. Осыған байланысты басқа жақтан келген күш құрылымдар үйлеріне қайтты.
ИВАН УНРАУ, ПРИБРЕЖНОЕ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
– Прибрежное ауылы маңында су бөгетке дейін көтірілді. Дамбаны шайып кететіндей болды. Жасыратыны жоқ қорықтық. Бірақ осы жігіттердің арқасында бәрін еңсердік. Барша солтүстікқазақстандықтардың атынан оларға алғысымды айтамын.
ӘДІЛЕТ МАРАТҰЛЫ, РОТА КОМАНДИРІ:
– Дауыл да болды, толқын да болды. Соған қарамай өз міндеттерімізді атқардық. Бүкіл барған жерде бізді жақсы қарсы алды. Тұрындар да көмектесті. Рақмет.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.