Студент Әлия Молдағұлова туралы комикс жасады

Ақтөбелік студент жасанды интеллектің көмегімен Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлова туралы комикс жасады. Онда қазақтың қайсарда мерген қызының ерлігімен рухы қазіргі заман талабына сай жеткізілген. Ал аталған жоба негізінен бастауыш сынып оқушыларына арналған. Дегенмен ол көпшіліктің назарын аударды.  
Ақтөбелік студент Көркемай Елеусіз Әлия Молдағұловаға арнайы комикс жасауды жөн көрген. Өз туындысында қазақтың қайсар қызының өмірі толық баяндалған. Қажет ақпаратты интернеттен алып, 2 күннің ішінде жасанды интеллектің көмегімен бар ойын жүзеге асырған.КӨРКЕМАЙ ЕЛЕУСІЗ, СТУДЕНТ: – Тарихи ақпаратты қолдана отырып, қай жылы дүниеге келді, жетім қалып ағасының қолында тұрғаны, барлық ақпаратты нақтылап жинап алып сценарий жаздым. Нәтижесін PDF форматында көруге болады. Әзірге қағаз бетіне шығарылған нұсқасы жоқ. Әлия Молдағұлова 1944 жылдың қаңтарында Псков облысындағы шайқаста жараланды. Қолына минаның сынығы тисе де, қоян-қолтық ұрысқа қатысып, қасықтай қаны қалғанша жаумен күресті.  Сол кезде Молдағұлованы неміс офицері екінші мәрте жаралайды. Ал КСРО Батыры атағы оған ерлігі мен батылдығы үшін қайтыс болғаннан кейін берілді.ЖАНАР САРТАБАНОВА, ОҚЫТУШЫ:– Көркемай өзі оқыған барлық дүниені жинап, осы комиксті жасап шықты. Қажет дүниелерді қосымша зерттеді. Бізде жоғары оқу ордасында барлық сабақ негізінен ағылшын тілінде өтеді. Дегенмен студенттер бар алған білімін осындай патриоттық тақырыптарда қолданып жатыр. Айта кету керек, комикс Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына орайластырылды. Ол оқушыларға арналған. Сондықтан жоба авторы алдағы уақытта балалармен кездесіп қазақтың мерген қызының өмірі мен жауынгерлік жолы туралы оларға  айтып беруді жоспарлап отыр.
———————————————