Аялдама мен қоғамдық көліктерге майдангерлердің суреттері ілінді

Ерлік ешқашан ұмытылмайды. Жеңіс мерекесі қарсаңында Қостанайда аялдама мен қоғамдық көліктерге қазақстандық батырлардың суреттері ілінді. Жанына QR-код көрсетілген. Оны сканерлеу арқылы тұрғындар 31 батыр мен 9 даңқ ордені иегерінің ерлігі жайлы мәлімет ала алады. Майдандағы жауынгерлердің суреттері көшедегі билбордтарға да ілінген. Осылайша, тұрғындар мен қала қонақтары сұрапыл соғыста ерлік жасаған батырлардың өмірімен кеңінен танысуға мүмкіндік алды.
 
ОЛЖАС ДҮЙСЕКОВ, ҚАЛА ӘКІМДІГІНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:
9 мамыр Жеңіс мерекесіне арналған түрлі шара өтіп жатыр. Қаланың сәулетіне ерекше көңіл бөлінді. Біз қазақстандық батырлар Әлия Молдағұлова, Талғат Бигелдинов, Рақымжан Қошқарбаевтың , сондай-ақ,   Кеңес Одағының Батыры атанған қостанайлық Иван Павлов, Леонид Беда, Сұлтан Баймағанбет, Илья Сьяновтардың суретін де ілдік.
———————————————