«Жетінші арнада» Наурыз. Қыс ызғары тарап, мамырдың шуақты күнін тосқан телеарна ұжымы жыл басы – Наурыз мейрамын атап өтті. Телевизия ғимараты маңынан қазақтың ән-күйі шалқып, әдетте студия жұмысымен әбігер болып жататын режисерлар да, микрофонын ұстап, камерамен түсірілімде жүретін журналист пен операторлар да, ұлттық нақышта киінген ұжымның барлық мүшесі мерекелік шарада бас қосты. Ұжымды мерекемен «Жетінші арнаның» Бас директоры Илхам Ибрагим құттықтады. Мерекелік кеште күш атасын көрсеткен ер азаматтар ерекшеленді. Арқан тартып, гір көтерді. Ұйымдастырушылар ұлттық тақырыпта телевизия қызметкерлерінің біліктілігін тексеретін, логикалық ойындар ұсынды. Жиналғандар ыстық палау мен бауырсақтан дәм татты.
КЕНЖЕМҰРАТ КӨШЕРОВ, ДУБЛЯЖ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:
– Күннің райы жақсарсын деп күттік. Бүгін Алла Тағала несібемізге шуақты ауа райын бұйыртыпты. Біз кеш те болса, тойлап жатырмыз. Қазақ Наурызды айлап тойлайтын болған. Сондықтан баршаға биыл кірген Жаңа жыл құтты болсын! Ең бастысы, бейбіт заман болсын!
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.