Алматыда шахматтан Қазақстанның юниорлар чемпионаты өтіп жатыр. 20 жасқа дейінгі 80 бозбала мен 35 бойжеткен Азия чемпионатында еліміздің намысын қорғау, сондай-ақ Қазақстанның ересектер арасындағы чемпионаты финалына қатысу құқығын сарапқа салады. Жарыс 5 мамыр күні аяқталады. Турнирдің жалпы жүлде қоры – 1,2 млн теңге. Жеңімпаз атанған шахматшыларды 270 мың теңге, екінші орын иелерін 210 мың теңге, үшінші орынға табан тіреген ойыншыларды 120 мың теңге сыйақы күтіп тұр.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.