3 мың адамның басын біріктірген марафон. Астанада желаяқтар арасында жүгіруден жарыс өтті. Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы мен бірлік күніне орайластырылған спорттық шараны қала әкімдігі ұйымдастырды. Оған кәсіби спортшылар мен салауатты өмір салтын ұстанатын тұрғындар да қатысты.
Таңғы сағат жеті. 3 мыңға жуық спортшы жарыс жолына шықты. Бірлік марафоны еліміздің барлық аймағында бір уақытта басталды. Желаяқтар 1, 5 , 10 және 20 шақырым қашықтықта бақ сынады. Елордалық тұрғын Асқар Анарбек бұл жарысқа тыңғылықты дайындалған.
АСҚАР АНАРБЕК, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
– Жүгіру – стресспен күресудің бір жолы. Жұмыста көп стресс бар. Спорт –денсаулық кепілі. Бұл жарысқа мен бір айдай дайындалдым. Себебі алдын ала дайындық керек. Тұра сала жүгіру өте қиын болады. Себебі жарақат алу мүмкіндігі көп.
Бірлік марафоны Қазақстан халқыАссамблеясының 30 жылдығы мен Бірлік күніне орай ұйымдастырылды. Оған Астана қаласы әкімдігі мұрындық болды. Жарысқа қала тұрғындарымен қатар депутаттар, этнобірлестік және спорттық ұйым өкілдері қатысты. Бұлшара биыл үшінші жыл қатарына өтіп отыр.
Бірлік жүгірісі еліміздің барлық өңірінде өтіп, бас-аяғы 20 мың адамның басын біріктірді. Олардың жасшамасы да әр түрлі. Ұйымдастырушылардың айтуынша, марафонға қатысушы саны жыл өткен сайын артыпкеледі. Ал мәреге жеткендер естелік медальдар, бағалы сыйлықтармен марапатталды. Спорттық шара соңында жүгіріс жарысы өткен аумақ «Таза Қазақстан» акциясы аясында қоқыстан тазартылды.
———————————————
© 2009-, «Жетінші арна». Барлық құқықтар қорғалған.